• 08.06.2017

    Қазақстан мен Қытай «Композитор» фильмін бірлесе отырып түсіреді



    Today.kz 08.06.17

    Бұл жобаның өндіріс жұмыстарын Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен қытайлық компаниялар бірлесіп атқарады.

    Астанада тұңғыш Қазақстан-Қытай бірлескен «Композитор» киножобасы таныстырылды деп, хабарлайды Today.kz Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл жобаның өндіріс жұмыстарын Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен қытайлық «Shineworks Pictures» және «China film coproduction corporation» компаниялары бірлесіп атқарады.

    Түсірілімдер Қазақстанда өтеді. Шығындарды екі ел теңдей бөліп алды. Монтаждау және компьютерлік графискасы Қытайда жасалынатын болады.  

    Фильмнің екінші режиссері және қоюшы суретшісі Сәбит Құрманбеков. Картинаның желілік продюсерлері – Серік Ибраев және Зарина Кисикова. Фильмге отандық танымал актерлер – Берік Айтжанов пен Алтынай Нөгербек және Ху Джун шақырылған. Қытай жағынан режиссер Шеризат Яқұб таңдалды.

    «Құрметті Қытай елінен келген мәртебелі қонақтар, қазақ еліне қош келдіңіздер! Бүгін екі ел кинематографиясы үшін айтулы күн – тарихи сәт! Өйткені біз бүгін екі ел арасындағы бірлескен алғашқы киножобаның басталғаны туралы жария етпекпіз. Достығы мығым көрші – Қазақстан мен Қытайдың ынтымақтастығы артып, мәдени байланысы жылдан жылға нығайып келеді. Бұған дәлел бірлесіп қолға алған «Композитор» атты ауқымды жоба. Бұл фильм қазақ елі мен қытай елінің ұлы композиторлары – Бақытжан Байқадамов пен Си Синхайдың достығы туралы. Бүгінде екі композитордың достығы екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайтуға септігі тиіп отыр», - деді ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

    Қытай Халық Республикасы  әкімшілігінің мемлекеттік баспасөз, кино, радио және телевизия министрі Не Чэньси ҚР мәдениет және спорт министрлігіне құрметпен қарсы алғандарына және қытай фильмдерінің көрсетілімін ұйымдастыруға атсалысқандары үшін алғысын білдіре отырып, өзара сыйластық пен құрметке негізделген Қытай мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастар достық пен ынтымаққа құралғанын айтты.

    «Екі елдің ұлы композиторлары - Си Синхай мен Бақытжан Байқадамов туралы түсірілетін бұл фильм әлем өнер тарихының жаңа парақшасы. Бұл бастама екі елдің кинематографиясын жақындата түсетініне сенімім мол»,- деді ол.

Читайте также :

«Алмас қылыш» фильмінің DVD дискісі шықты
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында орналасқан «Қазақ хандығы» көп сериалы тарихи туындысының түсірілімдері үшін арнайы тұрғызылған «Сығанақ қаласы» декорациясында режиссер Рүстем Әбдіраштың «Алмас қылыш» фильмінің DVD дискісінің...



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176

                       


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2015